Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында қалалық және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Өңір тұрғындары жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өз өкілдерін таңдады. Петропавл қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде әріптесім болып қайтқан болатын. Бейнематериалынан көрейік.

Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында №577 сайлау учаскесі орналасқан. Бұл учаскеге 1,5 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Таңғы жетіден бастап сайлаушылар облыстық мәслихат депутаттығына үміткер үш кандидаттың біріне дауыс берді. Кандидаттардың қатарында партия өкілі де, өзін-өзі ұсынғандар да бар.

СНХР: МҰХТАР АЯҒАНОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


СНХР: АЙНАШ ҚҰРМАНОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қала бойынша 20-дан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, тұрғындардың ыңғайлығы үшін барлық жағдай жасалған, бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру үдерісі ашық әрі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді етіп ұйымдастырылған.


СНХР: КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА – №577 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Сайлау учаскесі өз жұмысын кешкі сағат 20:00-де аяқтады.