Күнделікті еңбегі көпшілікке байқала бермейтін тәртіп сақшыларының қызметі – енді назарда. Облыс орталығында Республика күніне арналған «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме өтті. Іс-шара «Dostyq Mall» сауда орталығында ұйымдастырылып, полиция қызметкерлерінің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты міндетін айқын көрсетті.
Көрмеде полиция қызметкерлерінің қызметтік және адамгершілік қырын бейнелейтін 25 фотосурет қойылған. Суреттерде қоғамдық тәртіп қызметкерлерінің адамдар мен жануарлардың өмірін құтқару сәттері, сондай-ақ су тасқыны кезінде атқарылған жұмыстар көрініс тапқан.
СНХР: АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұндай көрмелер тек Петропавлда ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де өткізіліп жатыр. Мұндағы мақсат - полиция қызметінің қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын көрсету. Көрме барысында арнайы бөлімшелер мен криминалистер өздерінің жұмыс формасын, арнайы құралдарын және техникалық жабдықтарын таныстырды:
СНХР: ӘДЕМІАУ МЕҢДІБАЕВА, СҚО ПД баспасөз хатшысы
Фотокөрме арқылы тәртіп сақшыларының күнделікті еңбегі мен азаматтық борышқа адалдығы айқын көрсетілді. Әр сурет қызметтегі жауапкершілік пен ерліктің көрінісін жеткізді. Көрме келушілерге тәртіп сақшыларының еңбегін жаңа қырынан танытты.