Қазан айының үшінші жексенбісі – Орманшылар күні аталып өтеді. Бұл еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін бағалайтын маңызды мереке. 

Геннадий Бекишев орман шаруашылығы саласында 25 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Қызылжар орман шаруашылығында бастаған ол, бүгінде Теплов орманшылығында бөлім басшысы қызметін атқарады. Қарамағындағы орман алқабының жалпы көлемі - 18 мың гектар.

СНХ:ГЕННАДИЙ БЕКИШЕВ, "ТЕПЛОВСКОЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ


Биыл көктем мезгілінде шамамен 25 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылды. Ал күзгі маусымда 60 гектар жерге ағаш егу жоспарланып отыр. Жалпы жыл соңына дейін 390 мың түп көшет отырғызу көзделген. Бұл шаралар орман қорын молайтып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады.


СНХ:АСҚАР АХМЕТОВ, ОРМАНШЫ


Орманшыларға артылған тағы бір міндет – орманды уақытылы кесу. Ол ағаштың табиғи жаңаруына және тамырдан жаңа өскіннің шығуына мүмкіндік береді. Орманды есептеу мен отын ретінде бөлу жұмыстары арнайы өлшеу және есептеу әдістемесі бойынша жүргізіледі.

аударма 329 0:55

СНХ:ТӨЛЕГЕН ШАЙБҰЛДАҚОВ, ОРМАН ШЕБЕРІ


Генадий Бекишевтің басқаруында 2 учаске шебері және 12 орманшы қызмет атқарады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті техникалық құралдар да бар. Атап айтқанда, арнайы жабдықталған өрт сөндіру көлігі мен 4 трактор қолданылады. Сонымен қатар, барлық бөлімшелер арасында үздіксіз және сенімді байланыс орнату үшін рация құралдарымен жабдықталған.