Өңірге жұмыс сапарымен Маңғыстау облысынан делегация келді. Қонақтар Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де болып, оқу-зертханалық корпустың заманауи жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ олар бірқатар зертханаларды аралап, жаңа үлгідегі студенттік жатақхананы көрді. Делегация өкілдері университет ұжымымен және студенттермен кездесіп, екі өңірдің білім және ғылым саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-сапар аясында делегация Манаш Қозыбаев атындағы жергілікті жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу аудиторияларын аралады. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстан-Қытай арасындағы мал шаруашылығы және өсімдік биотехнологиясы бойынша зертханардың жұмысымен танысты. Кейін делегация мүшелері М.Жұмабаев көшесінде орналасқан 1200 орындық жаңа студенттік жатақнаға барды.
СНХ:АЙГҮЛ НҮРПЕЙІСОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ
СНХ:ҰЛБАЗАР ОРЫНБАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Делегация өкілдері сапар барысында қоныс аударған отбасылардың үйлерінде болып, олардың тұрмыс-жағдайымен танысқан. Қазіргі таңда біздің өңірде Маңғыстау облысынан көшіп келген 500-ден астам отбасы бар, ал биыл 144 отбасы жаңа мекенге қоныс аударды. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықтың нығаюын айқындайды.