Мамлют ауданындағы ауыл шаруашылығы алқабының көлемі -324 мың гектар. Оның 121 мың гектары - дәнді дақыл егістігі. 95 мың гектарға бидай, шамамен 30 мың гектарға майлы дақыл, 13 мың гектарға бұршақ тұқымдас дән егілген. Қазір ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары орақ науқанына кіріскен.


«Стан» ЖШС Афонькино ауылында орналасқан. Егістік жер көлемі -5700 гектар. Агроқұрылым дәнді дақыл, бұршақ тұқымдас, майлы дақыл және біржылдық шөптер өсіреді. Науқанға 50 адам жұмылдырылған. Барлық күш пен техника орақ науқанына тартылған.

СНХ:ВИТАЛИЙ СОРОКА, МЕХАНИЗАТОР


«Стан» компаниясының басшылығы әлеуметтік кәсіпкерлікті басты назарда ұстайды. Қанат Жанабайұлы ауылды өркендетуге айтарлықтай үлес қосып келеді. Жақын уақытта Афонькино ауылында әмбебап демалыс және мәдениет орталығы ашылмақ. Өткен жылы кәсіпорын өз қаражаты есебінен ғимаратты сатып алып, бүгінде онда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

СНХ:ҚАНАТ БЕКЕНОВ, ЖШС ЖЕТЕКШІСІ


Жыл соңына дейін бұл орталықта бір мезгілде дүкен, дәмхана, фитнес клуб және қонақүй жұмыс істейтін болады. Ашылуы 2026 жаңа жыл қарсаңына жоспарланған.