Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша Амрин Сәкен Өмерсерікұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сәкен Өмерсерікұлы 1984 жылы Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2008 жылы акушер-гинеколог болып Облыстық перинаталдық орталықта және 3-ші қалалық ауруханада бастаған. Соңғы жылдары «Көпсалалы облыстық аурухананың» бас директоры қызметін атқарды.Жетекшілік тәжірибесі мол маман ретінде Сәкен Өмерсерікұлы өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына, телемедицинаны енгізуге, медицинаны цифрландыруға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтуға және ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті арттыруға ерекше көңіл бөлетін болады.