Қазақстан Республикасының Конституция күніне 30 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 8 жас қызметкеріне жаңа үлгідегі қызметтік куәліктер табысталды. 

Полиция қызметі жылдан-жылға технологиялық тұрғыдан жаңарып келеді. Жаңа куәліктерде QR-код бар, оны сканерлегенде e-gov порталындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми парағына өтуге болады. Сондай-ақ куәліктер көзі нашар көретіндерге арналған «Брайль» қарпімен толықтырылған. Куәліктерді табыстау рәсіміне департамент ардагерлері – тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Кәпез Дәулетбаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздыков қатысты.


Іс-шараға жас мамандардың туыстары мен полиция ардагерлері қатысты. Тағылымдамадан өткен екі лейтенант пен алты кіші сержант енді қызметін әртүрлі бөлімшелерде бастайды. Айталық жедел әрекет ету арнайы жасағында, автотехникалық бөлімде, департамент аппаратында, аудандық полиция бөлімдерінде. Алда оларды Заң мен Тәртіпті қорғауға арналған жауапты қызмет күтіп тұр.

СНХ:Руслан Тасимов — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы 


Офицерлер мен ардагерлер жас әріптестерін әрдайым ерлік пен жанқиярлықтың жарқын үлгілерін есте сақтауға, халық пен мемлекет игілігі үшін қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға шақырды.