Облыстық кітапханада қазақ музыка өнерінің жарық жұлдызы, Қазақ КСР-інің халық әртісі, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған іс-шара өтті. Жиында көрермендер сазгердің шығармашылығымен кеңінен танысты.
Шәмші Қалдаяқов 55-ке жуық лирикалық ән жазып, қазақтың алтын қорын байытты. Оның әндері әлі күнге дейін халық сүйіп тыңдайтын туындылар қатарында. Солардың бірі — еліміздің Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні. Тікелей эфир Facebook, Instagram және YouTube платформаларында өтті. Кітапхана ұжымы мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Мақсат – өнер және әдебиет қайраткерлерін кеңінен насихаттау.
СНХР:ГҮЛНАР АҚЖІГІТОВА, ӨНЕР ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ