Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексі жаңа өзгерістер бойынша жұмыс істейтін болады. Құжат арқылы мемлекет кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайтады деп күтілуде. Осы орайда, облыс орталығында Жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті. Сала мамандары тұрғындарға жаңа өзгерістер туралы түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды. Жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлық негізгі бағытты қамтиды.
СНХ:АЙНҰР САРТАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Корпоративтік табыс салығы (КТС) 20 пайыз деңгейінде сақталады. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 пайыз мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10 пайызға дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады.
СНХ:ТАТЬЯНА ДАНИЛЬЧЕНКО – «ҮЙ ЖАНЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕР КӘСІПКЕРЛЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
СНХ:АЙГҮЛ ШАЯХМЕТОВА – «ЗАҢҒАР-LTD» ЖШС БАС ЕСЕПШІСІ
Қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді. Ол 2026 жылдан 5 пайыз болса, 2027 жылдан 10 пайыз болмақ. Айта кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.