Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңадан сайланған Қызылжар ауданы әкімі Бейбіт Исмановты аудан активіне таныстырды. Ғауез Торсанұлы жаңа басшыға халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.
Күні кеше ғана Бейбіт Исманов халықтың шешімі бойынша Қызылжар ауданының әкімі атанды. Ал бүгін өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды. Жиын басында Қызылжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сара Алдаева Бейбіт Қайыркешұлына қызметтік куәлікті табыстады.
Бейбіт Исманов - өңірге танымал азамат. Оның қызмет жолына Ғауез Торсанұлы қысқаша тоқталды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданда 13 мыңнан астам жас бар. Ұл-қыздарды бұқаралық спортқа тарту деңгейі 42 пайызды құрайды. Облыс әкімі Бейбіт Қайыркешұлына көрсеткішті арттыруды тапсырды. Ауданның денсаулық сақтау саласында кадр тапшы. Басты міндеттерді қағазға түртіп алған атқамінер іске білек сыбана кірісуге уәде берді.
СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Исманов - Алматы қаласының тумасы. Ол бұған дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.