Қазақстанда тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылар мерекесі атап өтіледі. Осыған орай өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстык әкімдікте құрылыс саласының мамандарын түрлі наградалармен және алғыс хатпен марапаттады. Олардың ерен еңбегін ерекше атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі.
Құрылысшылардың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі – тұрғын үй, әлеуметтік нысандар мен жол-көлік инфрақұрылымының сапалы бой көтеруінің басты кепілі. Айта кетейік, өңірде түзету мектебі, жатақхана, дене шынықтыру кешені, балабақшалар, үстел теннисі орталығы сияқты бірқатар әлеуметтік нысан ашылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 38 фельдшерлік-акушерлік пункт пен амбулатория салынды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Салтанатты жиында марапатталғандардың бірі – Серік Әубәкірұлы Сабралин. Ол "ЕСІЛ-СТРОЙ-ЭКСПЕРТИЗА" ЖШС Петропавл қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарады. Құрылыс саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар азамат ҚР Премьер – Министрінің Алғыс хатына ие болды.
СНХ: СЕРІК САБРАЛИН, "ЕСІЛ-СТРОЙ-ЭКСПЕРТИЗА" ЖШС ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жыл соңына дейін өңірде мұз айдыны аренасы мен «Жас Өркен» шағынауданында 280 орындық балабақша ашылады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып, жыл сайын 300 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілуде. Бұл – өңір дамуы мен тұрғындарды