Петропавлда «Орталық Азия Электр энергетикалық корпорациясы» АҚ қоғамы дәстүрлі спартакиада өткізді. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген энергетика саласындағы түрлі кәсіпорындардың командалары қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Жарысқа Астана, Павлодар, Екібастұз, Көкшетау және Петропавлдан келген 8 команда бақ сынады. Қатысушылар 4 спорт түрі бойынша жарысты. шағын-футбол, үстел теннисі, бильярд және шахмат. «Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, басты мақсат – корпоративтік мәдениетті дамыту және қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайту.

СНХР: БАҒДАТ ОРАЛ, «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Екі күнге созылған тартысты дода нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Астананың «ЦАЭК Грин Энерджи» командасы жеңімпаз атанып, кубок иеленді. Екінші орынды «Павлодарэнерго» мен «Севказэнерго» командалары бөлісті. Үздік үштікті Көкшетаудан келген «АРЭК» командасы түйіндеді.

СНХР: АСАНБЕК ЖҰМАХАН, «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ САТЫП АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жалпыкомандалық есептен бөлек, әр спорт түрі бойынша үздіктер анықталды. Шахматтың «ханшайымы» атағын павлодарлық Ирина Грюкачева иеленсе, астаналық Владислав Гарбовский үстел теннисінің үздігі, ал шағын-футболда ең мықты ойыншы деп көкшетаулық Елтай Макенов танылды.