Есіл ауданы бойынша тас жолдың жалпы ұзындығы 505 шақырымды құрайды. Оның 138 шақырымы республикалық маңыздағы автокөлік жолы болса, 140 шақырымы облыстық, қалған 227 шақырымы аудандық жол желісіне жатады. Өткен жылы жоғарыда аталған жолдардың 81 шақырымына орта және күрделі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген болаты. Оған жұмсалған қаражат 4 миллиард теңгені құрайды.
Аудан орталығы Явленка ауылы маңынан былтыр қуаттылығы жылына 165 тонна асфальт шығаруға мүмкіндік беретін «Қызылжар Жолдары» зауыты ашылған болатын. Одан бөлек ауданда қиыршық тас шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істеп тұрса жуық арада олардың қатары тағы бір кенішпен толықпақ. Қазіргі күні кәсіптері бір арнаға тоғысқан бұл серіктестіктер аудан көлеміндегі автокөлік инфрақұрылымын одан әрі жақсартуға мүмкіндік жасап, жол жөндеуде өз тараптарынан сүбелі үлестерін қоспақ. Биылғы жылы Есіл ауданы бойынша 116 шақырым жерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл мақсатқа бағытталған қаржы көлемі 11 миллирд теңге.
СНХ: Мереке Мұхамедияров – Есіл ауданының әкімі