Биылғы оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өз шығармашылығын шыңдап, мектепішілік байқауда бақтарын сынаған болатын. Қатысушылар арасында 40-тан астам үздік атанған оқушы маусым айында Семей өлкесіне арнайы жолдама ұтып алды. Бұл сапардың ерекшелігі – оның ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығымен тұспа-тұс келуі.

Семей жерінде оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына терең бойлап, рухани бай мұрасымен етене танысты. Бұл - жас буынның ұлттық құндылықтар мен тарихқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына Абай ілімін, ұлтқа деген сүйіспеншілікті сіңірген тағылымды сапар болды. Оқушылар киелі мекендегі маңызды нысандарда болып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті.

СНХ: СӘУЛЕ УӘЛИЕВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ


Балалар Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне барды. Бұл - ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін маңызды мәдени мекеме. Мұражай-үйі Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Ақын өмірінің соңғы он жылы осы Жидебайда өткен, сондықтан оқушылар бұл мекенге ерекше ықыласпен қарап, рухани әсер алды.

СНХ: АЙДАНА БАЙТАБЕНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Балалар Абайдың бай шығармашылық мұрасымен жақсы таныс. Олар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мектеп қабырғасында оқып, терең түсініп келеді. Бұл сапар сол білімдерін нақты тарихи ортада толықтыра түсті.

СНХ: ЕРАСЫЛ ХАМЗА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Үш күнге созылған бұл сапар оқушылар үшін рухани байлыққа, терең тағылымға толы болды. Олар Абай әлемін жан-жақты танып, ұлттық мұраның қадірін жүректерімен сезінді.