Кофе көптеген адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Дәрігерлер оның пайдалы жақтарын атап өтсе де, артық мөлшерде ішу денсаулыққа зиян болуы мүмкін екенін де ескертеді. Сондықтан кофе тұтынғанда өзіңіздің денсаулығыңызға көңіл бөліп, мөлшерін сақтау маңызды.
АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ
- Таңертең көп адам кофе ішпей күнін бастай алмайды. Кейбіреулер үшін ол жұмысқа сергек болуға көмектеседі, кейбіреулер үшін – жай ғана әдет. Петропвл тұрғындары кофені қаншаықты жиі ішеді және олар оның денсаулыққа қалай әсер ететінін біле ме екен? Оны өздерінен сұрап көрейік.
Кофе оның құрамындағы кофеин мен теанин көңілді сергітеді, қуаттандырады. Кофеин нейрондардың микроэлементтерді, соның ішінде глюкозаны сіңіруін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кофені анда-санда шағын мөлшерде ішу қант диабетінің қаупін азайтады. Сонымен қатар аталған дертке шалдыққандарда кофе ішкен кезде инсулинге сезімталдық артады, бұл қан құрамындағы қантты төмендетеді. Бұл - кофенің пайдалы жағы, ал енді оның зиянды тұстарына тоқталсақ.
СНХ: РУСЛАН МАДУОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Дәрігерлер кофе тұтынғанда адам денсаулығының ерекшеліктерін ескеру қажеттігін ескертеді. Сол себепті, бұл сусынды пайдалы және зиянды тұстарын ескере отырып ішкен дұрыс.