«Заградовское» серіктестігі бүгінде егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып отырған Есіл ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі. Серіктестік басшылығы бүгінде тек өз кәсібін ғана дамытып қоймай сонымен қатар елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ішкі инфрақұрылым, ауылдастырының тұрмыс жағдайын жақсартуда да елеулі істер атқаруда. Серіктестіктегі тұрақты еңбекпен қамтылған адам саны 165. Олардың барлығы Заградовка ауылының тұрғындары.

«Заградовское» серіктестігі 1995 жылы құрылған. Кәсіптерін ауыл шаруашылығы саласына бағыттаған қожалық бүгінде егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып отырған өңіріміздегі алдыңғы қатарлы агроқұрылымдар сапында. Қолда бар мыңға жуық ірі қараның жартысы етті бағыттағы қазақы ақ бас сиыр болса, жартысы етті - сүтті бағыттағы сиырлар. Егістік алқаптарының көлемі 11 мың гектарға жуық. Онда өңірімізде өсірілетін дәнді, майлы, малдың жемазығына қажетті дақылдардың барлық түрлері өсіріледі. Ауыл шаруашылығын саласын дамытуға бағытталған бағдарламалардың ешқайсысынан қалыс қалып көргеніміз жоқ,-дейді серіктестік басшысы.

СНХ:Иван Фисенко – «Заградовское» серіктестігінің басшысы


Серіктестік 2004 жылы тұқым шаруашылығы статусын алса, 2008 жылы «Қазақы ақ бас» сиырын өсіруде асыл тұқымды мал шаруашылығы статусына ие болған. 2019 жылдан бастап Австриядан әкелген етті – сүтті бағыттағы симменталь сиырларын сауумен айналысып келеді. Заманауи техникалармен жарақтанған машина-трактор паркі көктемгі егіс пен күзгі орық науқанын, малға қажетті жем-шөп әзірлеудеге барлық агротехникалық шараларды уақтылы бастап дер кезінде аяқтауға мүмкіндік береді.

СНХ: СНХ:Иван Фисенко – «Заградовское» серіктестігінің басшысы


Серіктестіктің алдағы жоспары сауын мал басын 600-ге жеткізу. Себебі сүтке сұраныс жоғары. Күніне олар облыс орталығындағы сүт өңдеу кешеніне 10 тоннадан астам сүт тапсырса, ірі қара еті облыс орталығы мен Қостанай қаласындағы лицензиясы бар ет өңдеу кәсіпордарына өткізіледі.