Петропавлда дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы 4-ші Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам ұл-қыз қатысып отыр. Аталған чемпионат 13 пен 18 жас аралығындағы жас мергендерге арналған. Іс- шараның басты мақсаты - ұлттық спортты насихаттап, жастар арасында дәстүрлі садақ атуды дамыту, дарынды жас спортшыларды анықтау.

Биыл дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды деңгейде өтіп жатыр. Жарысқа Павлодар облысынан 27 спортшы келіп, өз өңірінің намысын қорғауда. Солардың бірі - небәрі 13 жастағы Мансұр Көмек.

СНХ: МАНСҰР КӨМЕК, ҚАТЫСУШЫ


СНХ:МАХАМБЕТ СӘТБАЙ, САЙРАМ САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ


Жарыс ережесі бойынша қатысушылар 5 айналым ішінде нысананы дәл көздеп, жоғары ұпай жинауы тиіс. Ал 1 айналымда 5 рет садақ тартуға 2 минут уақыт беріледі.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҒАББАСОВ, СҚО ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Жалпы, жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар мен қаржылай сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ, үздік атанғандарға «Спорт шебері» атағы беріледі.