Қалада көгалдандыру жұмыстары толық аяқталды. Сәуір айынан бастап бүгінге дейін Петропавлдың көшелері мен саябақтарына 371 мың гүл отырғызылды.
Облыс орталығын көгалдандыру үшін Солтүстік Қазақстанның құбылмалы климатына төзімді сәндік өсімдіктер қолданылды. Атап айтсақ: петунья, тагетес, цинерария және басқа да гүлдер. Гүлзарлар орталық көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, жол айырықтарын және әлеуметтік нысандарды көркейтіп тұр. Жұмыстар қала бойынша 23 нысанды қамтыды.
СНХ: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ