Петропавлдағы облыстық кітапханада «жастар мен балалар арасында салауатты дүниетанымды қалыптастырудағы және әлеуметтік қауіп-қатердің алдын алудағы аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Назипа Ыдрысқызы, кеңес төрайымының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызы, облыстық аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, ішкі саясат басқармаларының басшылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Қазіргі таңда республика көлемінде аналар кеңесі «салуатты сана» деген жобаны жүзеге асырып жатыр.
СНХ: БАЯН АХАТАЙ, ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аналар кеңсінің құрылғанына 2024 жылы 10 жыл толған болатын. Қазір республика бойынша аналар кеңесінің құрамында 13 мыңға жуық адам бар.Ол жерде 21 жастан бастап 80 жасқа дейінгі аралықта аналар мүшелік етеді. Биылғы жылдың наурыз айының соңында облыстық полиция департаменті жанынан нашақорлыққа және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды. Олар аналар кеңесімен және басқада ұйымдармен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайды.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, СҚО БОЙЫНША АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бүгінгі аналар кеңесінің жиыны осы құқық бұзушылық пен есірткі қылмысына қатысты болды. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері есірткі айналымына қатысты 160 құқықбұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан 40 килограммға жуық есірткі тәркіленген, оның ішінде 4 килограмм синтетикалық есірткі. Заңсыз есірткі айналымы бойынша 160 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінде өңірдегі Психикалық денсаулық орталығында нашақор ретінде 469 адам есепте тұр, оның ішінде 3-уі – кәмелетке толмағандар, 40-ы – әйелдер.