Жүз ірі жоба «цифрлық теңге» форматына ауыстырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық қорға осындай тапсырма берді. 

Бүгін Үкіметте ашықтықты арттыру үшін бюджеттік саясатқа цифрлық тенгені интеграциялау жөнінде жиын өтті. Премьер-Министрдің айтуынша, Цифрлық теңге қаражатты қадағалауға және мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарламалауға және таңбалауға икемді. Бүгінде айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылған. Бұл платформа әзірге тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде. Ал желтоқсанда оны толық іске қосу жоспарланып отыр. Жиын соңында Үкімет басшысы жауапты органдарға экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

СНХ: БИНҰР ЖАЛЕНОВ – ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖЕТЕКШІСІ