Петропавлда 12 шілде күні «QYZYLJAR MUSIC FEST – 2025» фестивальінің соңғы күні өтті. Үш күнге созылған өнер мерекесі қала тұрғындары мен қонақтарының есінде ерекше қалды. Ауқымды концерттік бағдарлама көптің көңілінен шығып, жарқын сәттерге толды. Ал, қорытынды кештің басты қонағы – қазақ эстрадасының танымал жұлдызы SADRADDIN болды.
Заманауи үлгіде безендірілген сахна, көз жауын алатын жарықтар мен жанды дауыста шырқалған әндер көрермен жүрегінен орын тауып, зор ықыласқа бөленді. Әрбір нөмір ерекше дайындықпен ұсынылып, ұлттық рух пен заманауи ырғақ әдемі үйлесім тапты. Алаңға жиналған көпшіліктің жүзінен қуаныш пен толқу, мақтаныш пен ризашылық сезімдері анық байқалды.
СНХ: ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Гала концерттің қонағы қазақ эстардасының жарық жұлдызы, хит әндерімен танымал SADRADDIN болды. Елімізге танымал, жас әншіні тыңдауға келген солтүстікқазақстандықтардың қарасы қалың.
СНХ: АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ

Қала орталығы мерекелік шырайға енді. Алаңға жиналған жұрт тек концерт көріп қайтқан жоқ. Олар шабыт пен қуанышқа, шаттық пен бірлікке бөленді. Бұл күндер өнердің, әуеннің және халықтың үндескен ұлы тойы болды.
Үш күнге созылған өнер мерекесі солтүстікқазақстандықтарға ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, «QYZYLJAR MUSIC FEST» өнер фестивалі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыралады.