Петропавл қаласында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы дәстүрлі көрме өтті. Іс-шараға Петропавл қаласы мен аудандардан 32 тауар өндіруші қатысты. Қала күніне арналған маңызды іс-шара биыл үшінші жыл өткізіліп отыр.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» және оның өңірлік бөлімшелері үшінші жыл қатарынан жүзеге асырып келеді. Мақсаты – жергілікті шикізаттан өндірілген өнімдерді дамыту және нарыққа шығару. Көрме қорытындысы бойынша он үздік тауар өндіруші анықталып, олар келесі кезеңге өтеді. Республика көлеміндегі көрмеде Солтүстік Қазақстаннан үш қатысушы өз өнімдерін ұсынатын болады.
СНХР: ЕСЖАН ОРАЗАЛИН – СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
СНХР: ЛИЛИЯ ЩУЦКАЯ – Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ