Петропавлға Чехия мемлекетінен арнайы делегация келді. 100-ге жуық адам қаладағы бірқатар нысанды аралап, экскурсия жасады. Олардың тарихымен терең танысып, құнды ақпаратқа қанық болды.

Сапар барысында делегация мүшелері Петропавл қаласының көрнекті орындарымен, тарихи-архитектуралық ескерткіштерімен, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

СНХ: СЕРГЕЙ ЧЕРКАСОВ, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ


Делегация мүшелері экскурсияны ең алдымен теміржол вокзалынан бастады. Кейін ет комбинатының аумағында болып, Қарасай стадионына қарсы орналасқан зиратқа барды. Сондай-ақ, «Мәңгілік алау» ескерткішін де көрді.

СНХ: ЯН БАРТОШЕК,ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАР ПАЛАТАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Кейін чехиялық делегация өкілдері қаладағы «Изолит» зауытына барды. Айта кетейік, зауыт аумағында бұрынғы чех легионерлері тұрған казарма бар.

Қонақтар Петропавл қаласына бір күндік экскурсия жасады. Делегация мүшелерінің көпшілігі бұл қалаға алғаш рет келгендіктен, олар ерекше әсер алып, таңданыстарын жасырмады.