Петропавлда Қала күніне орай көркемөнерпаздар ұжымдары арасында облыстық байқаудың гала-концерті өтті. Өнер ұжымдары «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі -2025» атағы үшін бақ сынады. 

Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында ұйымдастырылды. Зал көрерменге лық толы болды. Байқауды тамашалауға облыс әкімі, аудан әкімдері, қоғам өкілдері мен өңір тұрғындары жиналды. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген ауылдың үздік өнер ұжымдары вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Марапаттау рәсіміне ҚР Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданының ұжымы Гран-при иегері атанды. Жеңімпаздарға марапатты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыстады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ –СҚО ӘКІМІ


Ғабит Мүсірепов ауданының өкілдеріне басты сыйлық – «Газель NEXT» шағын автобусы табысталды. Ұжым мүшелері облыс басшылығының қолдауы оларды ауыл мәдениетін дамытуға ынталандыратынын сөзге тиек етті.

СНХР: НАТАЛЬЯ СИНДЯКИНА – Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Мұндай мәдени іс-шаралар «Ел іші-өнер кеніші» демек, ауылдан шыққан талантты өнерпаздарды анықтау, қолдау және олардың шығармашылығын дамытуға, әлеуетін ашуға берілетін үлкен мүмкіндік.