«Робо ЭКСПО» аймақтық фестивалі   концерттік бағдарламамен ашылды. Мұндай сайыс Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға еліміздің 6 облысынан 50-ден астам жас өнертапқыш қатысуда.   

Фестиваль екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында жас өнертапқыштар роботты құрастырудан сайысты.

Тимур Ахметжановтың робототехникамен айналысып жүргеніне 1 жыл.   Ол өзі жасап шығарған  тың техниканы  «қадам басушы робот» сайысында сынап көрді . Алғашқы 3 қарсыласын шаң қаптырып, Тимурдың роботы мәре сызығын бірінші болып  кесті.   

Фестивальдің екінші бөлімінде Қостанайдан келген халықаралық дәрежедегі роботехниканың жаттықтырушысы шеберлік сағатын өткізеді. Ол жоспар бойынша, мамырдың 15-і күні өтпек.

 

Аманжол НҰРТАЗИН