ҰБТ-де әр оқушыға берілетін уақыт пен сұрақ саны өзгеріссіз қалып отыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша талапкер еншісіне 3 сағат беріледі. Осы уақытта тест тапсырушы 5 пәннің 125 сұрағына жауап беруі тиіс.

Биыл облыс бойынша 11-ші сыныпты 3733 оқушы аяқтайды. Оның 2439-ы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріпті. Бұл - барлық түлектердің 70 пайыздан астамы. 

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында Петропавлда «Парасат» клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының бастамасымен 16-мамыр «11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған жалпы жиналыс» өтсе, 18-25 мамыр аралығында «ҰБТ-ге баламен бірге дайындаламыз» атты облыстық акция ұйымдастырылмақшы.

 

 Фариза ЖАЗИТОВА