Облыстық омарташылар қауымдастығы аналық ара өсіру ісін қолға алып, бұл бағытта ғылыми тәсіл қолдануда. Жоба Қазақстанның ғылыми-зерттеу институтымен және Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда «карпат» және «карника» тұқымды аналық аралар өсіріліп, жан-жақты зерттелді. Мамандардың айтуынша, бұл аралар өңірдің климаттық жағдайына бейімделген.

Бұл бастама - аналық араларды көбірек өсіріп, олардың сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс. Оған аналықтарды шығару әдістері, оларды күтіп-баптау, сұрыптау және тұқым алу жұмыстары кіреді.

СНХ:ДМИТРИЙ СТЕПУРА, СҚО ОМАРТАШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Солтүстік Қазақстанда аналық ара өсіруге үлкен мүмкіндік бар. Бастаманы әрі қарай дамтыса, жергілікті омарташыларға аналық араны сатып алу үшін облыстан шығудың қажеті болмайды.

СНХ:ОЛЕГ ГАВРИЛОВ, СҚО ОМАРТАШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Қазіргі таңда аралар донник гүлдерін аралап жүр. Бұдан кейін олар қарақұмық, түрлі шөптер мен күнбағыс гүлдерінен бал жинай бастайды.