БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімдігі салтанатты жиында өңірдің ақпарат саласына үлес қосып жүрген үздіктерді марапаттады. Іс- шара барысында 60-тан астам журналист, оператор, редактор мен басқа да БАҚ өкілдері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.

 Баспасөз, телевидение, радио және онлайн медиа саласында қажырлы еңбек етіп жүрген журналистер – қоғамның айнасы, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Олардың арқасында елдегі маңызды жаңалықтар, көкейкесті мәселелер мен қоғамдық бастамалар уақытылы жарияланып, жұртшылыққа қолжетімді болып отыр.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Салтанатты іс-шарада ең алғаш болып жергілікті Муниципальдық телеараның директоры Ерлан Тоқшылық марапатталды. Ерлан Бейсенұлы ақпарат саласына қосқан ерен еңбегі үшін «Құрмет орденіне» ие болды.

СНХ: ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, МУНИЦИПАЛДЫҚ ТЕЛЕАРНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Биыл облыстық «Қызылжар» телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Іс-шарада өңірдің басты арнасы ұзақ уақыт бойы көрерменнің сенімді серігі болып келе жатқаны туралы айқын айтылды. Төл мерекеде телеарна қызметкерлерінің де еңбегі еленіп, марапаттарға ие болды.

СНХ: БАҒДАТ САЙДАЛИН, ҚЫЗЫЛЖАР ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ СТУДИЯ ОПЕРАТОРЫ


Жиында Первый Северный телеарнасының операторы Асар Ербұлан марапатқа ие болды. Айта кетейік, ол марапатталған қызметкерлердің арасындағы – ең жасы.

СНХ: АСАР ЕРБҰЛАН, «ПЕРВЫЙ СЕВЕРНЫЙ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ


Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, БАҚ өкілдеріне аса зор құрмет көрсетілді.