Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл маңызды қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған бизнес. Оның мақсаты тек пайда табу емес, сонымен бірге адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Қаламызда әлеуметтік кәсіпкерлер саны жыл сайын артып келеді.
Лидия Даниленко қарттарға арналған орталықтың негізін қалаушы. Мекемені ресми түрде әлеуметтік кәсіпорын ретінде тіркеу үшін бірақ қиындыққа тап болғанын айтады. Бұл өз кезегінде мемлекет пен «Даму» қорынан қолдау алып, зейнеткерлерге қызметтердің қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Бұл жерде қарт адамдар қажетті күтім алып, уақыттарын пайдалы өткізеді.
СНХР: ЛИДИЯ ДАНИЛЕНКО, ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
Надежда Дмитренко да әлеуметтік кәсіпкер. Ол түзету – дамыту орталығының жетекшісі. Бұл жерде түрлі білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізіледі. Орталықта қалыпты дамитын балалармен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар да білім алады. Мемлекеттік бағдарлама аясында орталықта 55 тегін орын қарастырылған. Бұл – отбасыларға қаржылық ауыртпалықсыз кәсіби көмек алуға мүмкіндік береді.
СНХР:НАДЕЖДА ДМИТРЕНКО, ТҮЗЕТУ–ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамып келеді. Мемлекеттің қолдауы мен кәсіпкерлердің белсенділігінің арқасында әлеуметтік жобалар жүзеге асырылу үстінде.