Жас спортшылар жекелей және топтық сайыстарда өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жарысқа әр түрлі жас санатындағы гимнастар қатысып, солтүстікқазақстандықтар барлық кезеңде лайықты нәтиже көрсетті.
СНХ: Ямпольский Андрей Анатольевич – балалар спорт мектебінің аға-бапкері
Команданың жетістігінде төрт бірдей жаттықтырушының еңбегі зор. Олар жарысқа тыңғылықты дайындық жүргізіп, әр спортшының әлеуетін барынша ашуға көмектесті.
СНХ: Аверин Константн - батут гимнастикасы және спорттық акробатика бойынша жаттықтырушы
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, республика бойынша барлық облыстардан ең үздік спортшылар жиналып, лайықты түрде бақ сынасты, нәтижесінде ең мықтылары жеңіске жетті.
Жеңімпаздарды Петропавл теміржол вокзалында қуанышпен қарсы алды. Туыстары мен достары гүл шоқтарын ұсынып, спортшылардың жарқын жеңісіне ортақтасты. Бұл сәт – жастардың табандылығы мен төккен терінің өтеуі.
СНХ: Миллер Вячеслав – спортшы
Жарыс қиын өтті, қарсыластар көп болды. Бірақ біз бәрін еңсердік. Мен екі түрлі санат бойынша 2 медаль иелендім, екеуі де — екінші орын. Бұл менің жастар ойындары бойынша алғашқы тәжірибием, бірақ оған дейін үлкен жарыстарға қатысқанмын.
Батуттық гимнастика – көп күш пен дәлдікті қажет ететін спорт түрі. Сол себепті, мұндай нәтижеге жету – спортшылар мен бапкерлер үшін үлкен еңбек пен тұрақты жаттығудың жемісі.