Өзбекстанда халықаралық жүзуден жарыс өтті. Оған өңірдің спортшылары қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Қанжығамызда 13 медаль. Оның, оны алтын, екеуі күміс, біреуі қола. 

Егор Демков суға жүзумен алты жасынан шұғылданады. Бұл жас спортшының алғашқы халықаралық жарысы болды. Ол жүзудың төрт түрінен өнер көрсетті, 50 метрді еркін стильде, баттерфляй, брасс бойынша сынға түсіп, жалпы саны 5 медаль жеңіп алды.

СНХР: ЕГОР ДЕМКОВ —ЖҮЛДЕГЕР 


Солтүстік Қазақстан облысының бас жаттықтырушысы Александр Савельевтің айтуынша, жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінің спортшылары қатысқан. Таңертең іріктеу кезеңдері өтсе, кешке эстафеталар мен финалдық бәсекелер бойынша сынға түсіпті спортшылар.

СНХР: АЛЕКСАНДР САВЕЛЬЕВ — СУҒА ЖҮЗУДЕН ОБЛЫСТЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ 


Яна Лукьянчикова өз жетістіктеріне өте риза. Әсіресе оның есінде қалғаны – 50 метр еркін стильдегі жарыс, ол бұл қашықтықты 26 секундта бағындырыпты. Бұл мен үшін өте жақсы нәтиже дейді спортшы. Сондай-ақ, Яна Солтүстік Қазақстан спортшыларының жоғары дайындығын атап өтті. Ол жарыста 7 медаль жеңіп алды.

СНХР: ЯНА ЛУКЬЯНЧИКОВА —ЖҮЛДЕГЕР


Қазір солтүстікқазақстандық жүзушілер жаттығуларын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Алда оларды Таразда өтетін жазғы жарыстар мен ТМД елдері арасындағы чемпионат күтуде.