Жыл басынан бері өңірде 208 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам қаза тапты, олардың үшеуі – балалар. Тағы 16 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Сонымен қатар, газ балонның жарылуынан 1 адам көз жұмып, 13 адам жарақаттанған. Төтенше жағдайлардың негізгі себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырттық танытуларынан болады дейді мамандар.

Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері облыс аумағында жалпы көлемі 292 гектарды құрайтын 30 дала өрті тіркелді. Сонымен қатар, шамамен 410 гектар аумақты қамтыған 160-тан астам құрғақ шөптің жану дерегі анықталды. Осы орайда, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тарапынан алдын алу шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, елді мекендер маңындағы өрт қауіпті аумақтарға рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

СНХР: АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Тайынша ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алексей Лазоренконың айтуынша, жыл басынан бері Тайынша ауданында 16 өрт жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жоғары. Өрт салдарынан болған жалпы материалдық шығын 47 млн 290 мың теңгені құрайды, бұл былтырғы жылға қарағанда 4,5 есе артық. Өрт кезінде 2 адам қаза тапты.

СНХР: АЛЕКСЕЙ ЛАЗОРЕНКО, СҚО ТАЙЫНША АУДАНЫ БОЙЫНША ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жыл басынан 7000-нан астам үй аралап, 17 000 адамға өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат берген. Тұрғындарға 12 000-нан астам жадынама таратылыпты. Халықпен 18 жиын өткізіліп оған 300-ге жуық адам қатысқан.