Петропавл қаласында жаңа жеке меншік бастауыш мектебінің ашылу салтанаты өтті. Бұл білім ордасы толық күндік жүйе бойынша 1-сынып оқушыларын қабылдайды. Болашақта мектептің оқу бағдарламасы 4-сыныпқа дейінгі балаларды қамтиды деп жоспарланып отыр.

Биыл алғашқы рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер үшін екі сынып ашылады. Әр сынып 20 оқушыға шақталған. Айта кетейік, келесі жылы білім ордасы тағы да бірінші сыныпқа балаларды қабылдамақ. Сабақтар қазақ тілінде өтеді.

СНХ: ӘСЕЛ ЕСЖАНОВА, ЖЕКЕ МЕНШІК БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Петропавл қаласында мұндай форматтағы мектепті алғаш болып біз аштық. Сондай-ақ, біздің мұғалімдер оқушыларды Сингапур әдістемесі бойынша оқытады.

Жаңа мектептің ашылуына орай өткен салтанатты шараға білім беру саласының мамандары, іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері және қала жұртшылығы қатысты. Бұл оқу орны – толық күндік тәртіппен жұмыс істейді. Бастауыш мектеп директоры Әсел Есжанованың айтуынша, бұл ата-аналар үшін өте ыңғайлы болмақ.

СНХ: КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 5 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Таңғы уақытта оқушылар мемлекеттік білім беру стандарты бойынша сабақ оқыса, түстен кейін шығармашылық қабілеттерін дамытатын заманауи әдістемелермен білімін тереңдете түседі. Қазіргі таңда мұнда балаларды қабылдау науқаны жүріп жатыр