№17 ұлттық өркендеу мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Күш тәуелділікте емес, қозғалыста» атты спорттық іс-шара өтті. Мақсаты – есірткіге тәуелділіктің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау.
«Қазақстан балалары» акциясы аясында оқушылар арасында пейнтбол, шағын футбол, баскетбол, волейбол және эстафета секілді спорт түрлері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шара балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және құқықтық білімдерін арттыруға бағытталды.
СНХР: БАҚЫТГҮЛ ҚАЛИЕВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ
Сондай-ақ, оқушылар «Заңды қаншалықты білесің?» және «Өзіңді қаншалықты қорғай аласың?» атты викториналарға қатысып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
СНХР: АРИНА БРЯНСОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктар, медальдар және грамоталармен марапатталды.