Өңір орталығында гендерлік теңдікке арналған форум екінші күн қатарынан өтіп жатыр. Оқушылар сарайында өткен панельдік сессия барысында еліміз бен облыстағы мемлекеттік құрылымдарда қызмет ететін әйелдердің үлесі талқыланды. 

Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі айтарлықтай артып келеді. Бұл – бір жағынан, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаһандық үрдістердің, екінші жағынан, еліміздің әділетті әрі тиімді басқаруға ұмтылысының нәтижесі. Бүгінде әйелдер саясат пен басқару ісіне белсенді араласып қана қоймай, әлеуметтік өзгерістердің маңызды қозғаушы күшіне айналуда. Ел бойынша мемлекеттік құрылымдардағы әйелдердің үлесі – 58%, ал Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 64,5%-ды құрайды.

СНХР: ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ, СҚО


Қазақстанда әйелдер шағын және орта бизнес иелерінің 48%-ын құрайды. Бұл — олардың кәсіпкерлік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры секілді мемлекеттік бағдарламалар әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға 4,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген.

СНХР: ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ


Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Қазақстан гендерлік теңдік саласында әлі де бірқатар қиындықтарға тап болуда. Тұрақты ілгерілеуге қол жеткізу үшін гендерлік стереотиптерді жою, қоғамның осы мәселеге қатысты сауаттылығын арттыру және әйелдерге қоғамның түрлі салаларында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.