Raduga Metal Technology – Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында орналасқан толық циклді металл өңдеу зауыты. Мұнда түрлі металл жиһаздар шығарылады.

Кәсіпорында 128 адам еңбек етеді. Олар көп жылдан бері металдан әртүрлі тұрмысқа қажетті заттар шығарып келеді. Компания өз өнімін бүкіл Қазақстан бойынша ұсынады. Елдің ірі қалаларында осы кәсіпорынның өнімдері сатылатын сауда желілері бар. Кәсіпорынның тауарлары негізінен металл шкафтар, сейфтер, киім кептіргіштер, орындықтар мен табуреттер, сондай-ақ түрлі биіктіктегі саты-тұғырлар.

СНХР: ЮРИЙ МИХАЙЛОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ


Кәсіпорында бес мамандандырылған учаске жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өндірістің белгілі бір кезеңіне немесе түріне жауап береді. Механикалық учаске металл өңдеумен және келесі өндірістік процестерге қажетті бөлшектерді жасаумен айналысады. Вакуумдық қалыптау учаскесінде пластиктен түрлі бұйымдар дайындалады. Металл құрылымдар учаскесінде әртүрлі металл конструкциялар құрастырылып, жиналады. Полиэтилен пленкасын қайта өңдеу учаскесі пленканы жинау, тазалау және қайта өңдеумен айналысады. Бұл оны өндірістік циклге қайта енгізіп, қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Полиэтилен бөтелкелерді қайта өңдеуге де ерекше назар аударылады — мұнда түрлі сұйықтықтарға арналған пластик бөтелкелер қабылданып, мұқият жуылып, ұсақталып, қайта өңделеді. Алынған шикізат Полиэтилен талшықтарын өндіруге сатылады. Бұл талшықтар тоқыма өнеркәсібінде және басқа да бұйымдарды шығаруда қолданылады.

СНХР: ДУЛАТ РАСТЕНОВ, СЛЕСАРЬ-ЖИНАҚТАУШЫ


Кешенді тәсіл кәсіпорынға ресурстарды тиімді пайдалануға, қалдықтарды азайтуға және экологиялық тазалыққа үлес қосуға мүмкіндік береді. Мұнда ай сайын 250 тонна қайталама шикізат өңделіп, одан 15 мыңға жуық түрлі бұйымдар жасалады.