Н. Погодин атындағы орыс драма театры өздерінің 138-ші маусымын салтанатты түрде жапты. Іс-шара гала-концерт форматында ұйымдастырылды. Сахнада маусым барысында қойылған спектакльдерден үзінділер ұсынылды. 

Бұл жолы көрермендер ерекше театр кешінің куәсі болды. Актерлер бір маусымда сахналанған 7 спектакльден жарқын үзінділерді сомдады. Кеште халық әртісі Иван Арчибасов атындағы жыл сайынғы театр сыйлығы табысталды. Марапаттар «Ең үздік ер адам рөлі», «Ең үздік әйел адам рөлі», «Ең үздік дебют», «Ең үздік спектакль» номинациялар бойынша табысталды.

СНХР: ТИМУР КАРИМЖАНОВ – Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


Маусымның жарқын оқиғаларының бірі – актер Айбол Қасым орындаған «Шоқан. Монолог Шопотем» моноспектаклі болды. Терең де әсерлі ойыны үшін ол «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды.

СНХР: АЙБОЛ ҚАСЫМ – Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ


Айта кету керек, салтанатты жабылу рәсіміне тек театр актерлері ғана емес, облыстық филармония мен Sensitiv би театрының әртістері де қатысты.