Петропавл қаласының полиция басқармасы ұстаздармен бірлесіп, жас жол инспекторларының қалалық байқауын ұйымдастырды. Іс-шара №40 мектепте, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында өтті.
Жазғы демалыс қарсаңында полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде. Жас жол инспекторларының байқауы балалардың, жол-көлік оқиғаларынан зардап шегулерінің алдын алуға және осы маңызды мәселеге назар аударуға бағытталған.
СНХР: Алихан Серік — М. Жұмабаев атындағы IT лицейінің 7-сынып оқушысы
Мұндай іс-шаралар балалардың жол жүру ережелеріне немқұрайлы болмауына, олардыңі көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қалалық байқаудың жеңімпазы – №8 эстетикалық тәрбие беру мектебінің жас жол инспекторлар отряды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
СНХР: Ерлан Қарибаев — Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары
Жақында облыстық полиция департаменті жас жол инспекторларының облыстық байқауын өткізеді. Жеңімпаздар республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.