Демалыс күндері Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігіне бағынысты мекемелер арасында спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Павлодар, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, солтүстік өңір 6-шы дивизонға бөлінген.

Аймақтық спартакиадаға «Koksheден» бөлек «ERTIS», «QYZYLAR», «QOSTANAI» телеарналарының, Солтүстік Қазақстан облысы «Ботай» музейінің, сондай-ақ «Қазтелерадио» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола филиалының қызметкерлері келді. Спартакиада шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес және үстел теннисі секілді спорттың бірнеше түрін қамтыды.

СНХ: САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА, «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИКТОРЫ


Жарысқа қатысушылар мәдениет және ақпарат министрлігіне бағынысты мекемелер арасындағы мұндай спартакиадалар жиі өткізілсе деген тілектерін жеткізді. Өйткені, осындай спорттық жарыстар мекемелер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етпек.

СНХ: РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Спартакиада «Kokshe» телеарнасының және «Ботай» музейінің командалары арасындағы футбол ойынымен жалғасты. Матч барысында көкшетаулықтар қарсыластың қақпасына 11 гол соғып, жеңіске жетті. Спорттың бес түрінен өткізілген спартакиаданың қорытындысы бойынша үстел теннисінен «Ертіс» телеарнасының дикторы Сабина Жолдаспаева мен «Kokshe» телеарнасының директоры Берік Әбділманов 1-ші орынды иеленді. Қол күресінен павлодарлық әріптесіміз Сергей Бадыртенов жеңіске жетті. Шахматтан «Qyzyljar» телеарнасының бас инженері Дмитрий Патошкин мен редактор Мадина Шунгульшина үздік атанды. Тоғызқұмалақтан да ертістік әріптесіміз Сабина Жолдаспаева мен «Kokshe» телеарнасы директорының орынбасары Ермек Елберген 1-ші орынға ие болды. Айта кетейік, спартакиадада бірінші орындарды еншілеген 6-шы дивизионның жеңімпаздары енді Астанада өтетін республикалық спартакиадаға қатысады.