Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 33 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде балабақша, мектеп, спорт нысандары мен инфрақұрылым жобалары бар. Бұл бастама елдегі әлеуметтік саланы қолдауға және өңірлерді дамытуға бағытталған.
Елімізде әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жобалар жалғасуда. Бөлінген қаражат есебінен білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық шаруашылық бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Облыс орталығында іске асып жатқан алғашқы жобалардың бірі — «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатқан балабақша. Аталған жобаны іске асыру үшін 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінді.
СНХР: ӘБУ-ӘЛИ САТТАР , СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Балабақша құрылысын «Основание» ЖШС жүзеге асыруда. Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс биылғы жылдың ақпан айында басталған. Жоба заманауи дизайн бойынша жүзеге асырылып жатыр, сондықтан барлық құрылыс материалдары сапалы әрі талаптарға сай таңдалып алынған.
СНХР: АЛЕКСАНДР МЕЛЮШЕН, № 1 ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сондай-ақ орнатылған бейнебақылау камералары арқылы прокуратура қызметкерлері құрылыс жұмыстарының барысын онлайн режимде бақылап, кез келген заң бұзушылықтың алдын алады.
СНХР: ӘБУ-ӘЛИ САТТАР , СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, қайтарылған активтер есебінен Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған қосымша 32 жобаны мақұлдады.