Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Алдымен ол Красная Поляна ауылындағы ұзындығы төрт шақырымдық автожолды қалпына келтіру жұмыстарының барысын көрді. Одан кейін "Зеленые Луга" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Мұнда қазір ірі қара саны мыңның үстінде, оның алта жүзі — сауын сиыр. Марат Тасмағанбетов аталмыш аудандағы егіс алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмыстарының қарқынымен де танысты.
Тайынша ауданына қарасты Красная Поляна ауылында Школьная, Больничная, Озерная, Кооперативная және Садовая көшелеріндегі жолға орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат сомасы 181 млн теңгеден асады. Ұзындығы 4 шақырымнан асатын жол жөндеу жұмыстарын – «МегаСтройИнвест" серіктестігі атқаруда.
2023–2024 жылдары облысымыздағы мал шаруашылығы саласындағы 27 жобаны іске асыруға 25 миллиард теңге бөліген болатын. Ауқымды жобалардың бірін — «Зеленые Луга» серіктестігі қолға алып, қазіргі күні Тайынша ауданының дамуына елеулі үлес қосып отыр. Ферманың ашылуы елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге оң ықпал еткен. Қазіргі таңда мұндағы орташа жалақы 270 мың теңгені құрайды.
Көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатқан алқап басында Марат Тасмағанбетов тайыншалық диқандармен кездесті. Қазір егістік жердің 50 пайызы игерілген. Мұнда “Stepnoishimskoye GSK» серіктестігі жұмыс істеп жатыр.
Алқаптың көлемі 14 мың гектарды құрайды. Диқандар ауа-райы қолайлы болса қалған жарты жұмысты маусымның басына дейін аяқтаймыз деп отыр.
СНХ: САНСЫЗБАЙ ТАШЕНОВ, "STEPNOISHIMSKOYE GCK" ЖШС ЖЕТЕКШІСІ
Бүгінгі күні барлығы жеткілікті. Барлығы шын ниетпен жұмыс істеп жатыр. Қазір 9 агрегат жүр. 4 агрегат химия жасап жатыр. Тұқым таситын беларусьтер бар.
Диқандар қауымымен әңгіме барысында облыс әкімінің бірінші Марат Тасмағанбетов, ауа райының әр сәтін ұтымды пайдаланып, көктемгі дала жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды.