Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы Ресей Федерациясының Қорған облысында болды.
Іссапар Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев пен Қазақстанның Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Жарас Мамұтбековтың қолдауымен жүзеге асты. Болашақта тараптар арасындағы байланыс одан әрі нығая түспек. Сапар барысында екі елдің кәсіпкерлері кездесу өткізді. Жүздесу аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Соның бірі «Қызылжар» экономикалық аймағында коммуналдық және арнайы техника шығаратын «Кургандормаш» АҚ кәсіпорын ашу. Жиыннан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы өндірістік әлеуетті тереңірек зерделеу мақсатында жергілікті кәсіпорындар мен индустриялық паркке барды. Сонымен қатар, делегация өкілдері Қорғанда тұратын қазақтармен кездесті. Жүздесу барысында, білім беру және мәдени байланыстарды кеңейту мәселелері қозғалды. Сапар соңында облыс әкімі қорғандық әріптестеріне алғысын білдірді.
СНХ: ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ