Балаларды қорғау күніне орай Петропавл қаласында ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен ашық сабақ өтті. Жастар сарайында ұйымдастырылған іс-шараға Қажымұқан атындағы арнайы мектептің оқушылары, жаттықтырушылары және спортшылар жиналды.

Ашық сабақтың мақсаты – өңірдегі жасөспірімдер мен жастар арасында қазақтың ұлттық спорт түрін насихаттау және дамыту. Жекпе-жекке 50-ге жуық жас спортшы қатысты. Олар тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен күрес әдістері мен жекпе-жек тәсілдерін үйренуге мүмкіндік алды. Ашық сабақты облыстың аға жаттықтырушысы Жалғас Тортулов пен оның әріптестері өткізді.

СНХ:ЖАЛҒАС ТОРТУЛОВ, СҚО ЖЕКПЕ-ЖЕК ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

СНХ:ДИАС СМАИЛОВ, ЧЕМПИОН