«Қазақстан балалары» республикалық акциясы және халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында креатив орталығында 5–8 сынып оқушылары арасында «Кибер Тұмар» квест ойыны өтті. Онда жасөспірімдер командалық жұмыс арқылы цифрлық әлемді тану мүмкіндігіне ие болды.

 «Кибер Тұмар» квест ойынына 50 оқушы қатысты. Бұл ойын жасөспірімдерге цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен танысуға, сондай-ақ сараптамалық ойлау, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Снх: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Квест бағдарламасы цифрлық білім берудің басты бағыттарын қамтыды: кибергигиена, медиасауаттылық және жасанды интеллектпен өзара әрекеттесудің негіздері. Іс-шарадағы ең қызықты кезеңдердің бірі – инженерлік технологиялармен танысу болды. Оқушылар заманауи дрондарды көріп қана қоймай, оларды өз қолдарымен басқаруға мүмкіндік алды.

Снх: СНЕЖАНА ГУБАЙДУЛЛИНА, GEOSKAN KAZAKHSTAN БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Танымдылығы мен тағылымы мол осындай қызықты ойындар оқушылардың жаңа ақпаратты жылдамырақ әрі тиімдірек меңгеруіне мүмкіндік береді.

Схн: ЯСМИНА НҰРТАЗИНА, №43 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ


«Кибер Тұмар» — Қазақстанның цифрлық болашағына қосылған үлес. Мұндай ойындар балалардың жаңа теналогияларға қызығушылығын арттырып, креативтілікті дамытуға мол мүмкіндік береді.