Жазғы демалыс қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінде балалар арасында ішек инфекциялары мен жарақаттардың алдын алу тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер жаз мезгіліндегі жиі кездесетін қауіп-қатерлер жайында баяндады.

Мамандар балалардың жарақат алуы мәселесіне кеңірек тоқталды. облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматол дәрігері Шынғыс Нұрғалиевтің айтуынша, жыл сайын жарақаттану жағдайлары көбейген. 2025 жылдың алғашқы үш айында травматология пунктіне 2857 бала жүгінгіпті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 447 адамға артық.

СНХР: ШЫНҒЫС НҰРҒАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ


Сондай-ақ брифонг барысында жаз мезгіліне тән жедел ішек инфекцияларының белгілері мен жұғу жолдары жайында да келелі ойлар ортаға салынды.

СНХР: ЕЛЕНА КОПТЯЕВА — КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ


Дәрігерлер ата-аналарды жаз айларында ерекше сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады.