Полиция департаменті музейінде «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында Жас Сарбаз және Жас Сақшы сыныбының оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың патриоттық сезімін оятып, болашақта полиция мамандығын таңдауға септігін тигізу.

Экскурсия полиция департаменті музейінің төрт залында өткізілді. Осындай іс-шаралар балаларды Отан сүйгіштікке баулып, болашақта мамандық таңдауда әсері зор дейді ұйымдастырушылар.

СНХР: ВЛАДИСЛАВ БЕРЕЗКА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ №32 ОРТА МЕКТЕПТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Департаменттің мұражайында өткен экскурсия барысында оқушылар полицияның 1700-жылдардан басталған тарихымен танысып, заманауи құқық қорғау қызметінің ерекшеліктерін білді. Оқушыларға сондай-ақ полиция тарихына қатысты хроникалар мен сирек бейнематериалдар көрсетілді.


Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған. Полиция департаменті алдағы уақытта да осындай танымдық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.