Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықаралық және республикалық ғылыми жоба байқауларында, пән олимпиадаларында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға 30 оқушы қатысып, аймақ басшысымен сондай-ақ, басқа да қатысушылармен қызықты әңгіме өрбітті. Білімді жастар алға қойған мақсаттарымен де бөлісті.
Талант, еңбек және білімге ұмтылыс – осы қасиеттер кездесуге қатысушыларды біріктірді. Креатив орталығында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық деңгейлерде үздік атанған оқушылар, сондай-ақ ғылыми зерттеулермен айналысатын жастар жиналды. Ресми марапаттау салтанатына дейін олар өз жобаларын таныстырды. Солардың бірі – Алқатерек орта мектебінің оқушысы Назгүл Каплюк..
СНХ: НАЗГҮЛ КАПЛЮК, АЛҚАТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Кездесуге 30 оқушы қатысты. Олар 17-сі республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ал 13-і – ғылыми байқауларда топ жарғандар. Мұндай кездесулер – дарынды балаларды қолдау бағытында арнайы өткізіледі.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сондай-ақ оқушылар өңірдің дамуы, табысқа жетудің құпиялары, көшбасшыға тән қасиеттер және басқа да тақырыптар бойынша әкімге сұрақтар қойды. Өз кезегінде Гауез Торсанұлы әр оқушының сауалына жауап беріп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Әкелік-ағалық кеңесін айтып, өскелең ұрпақтың алдағы өміріне сәттілік тіледі. Оқушылармен әңгіме барысында білім – ешқашан таусылмайтын азық екенін және оны өмір бойы дамытып отыру қажет екенін тілге тиек етті.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңір басшысы жас зияткерлерге 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табыстады.