Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция қызметкерлері арасында облыстық байқауын өткізді. Бұл байқау – күнделікті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы шепте қызмет атқаратын полицейлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Сайыс барысында қалалық және облыстық патрульдік полиция батальонының офицерлері бірнеше кезеңнен өтті. Қатысушылар Макаров тапаншасынан ату, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау, заңнаманы білу бойынша тестілеу, физикалық дайындық және қарқынды қозғалысты реттеу сияқты тапсырмаларды орындады. Әсіресе, жол қиылысын реттеу кезеңінде қатысушылар теориялық білімдерін нақты әрекеттермен ұштастырып, өз шеберліктерін көрсетті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша, 11 жылдық еңбек өтілі бар Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, Асхат Қурмашов ең жоғары ұпай жинап, «Үздік патрульдік полицей» атанды.

СНХР: Асхат Құрмашов — Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы


 Әріптестері арасында топ жарған Асхат Құрмашев маусым айының басында елордада өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғамақ.