Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Концепцияға сәйкес, 2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» атты онкүндік ұйымдастырылуда. Осыған байланысты қаламызда бірқатар іс-шаралар белсенді өткізілуде.

Бүгінде өтіп жатқан онкүндік аясында облыс орталығында «Әкем – тірегім, анам – жүрегім», «Полиция – балалардың қорғаны», «Дәрігер – балалардың жанашыры» сынды бірқатар тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды. Осының жалғасы ретінде №27 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Бала үні» атты қалалық брифинг өтті. Оған №42 орта мектеп, №44 орта мектеп, №31 негізгі орта мектеп және №27 жалпы білім беретін орта мектептің директорлары мен 9–11 сынып оқушылары қатысты.

СНХР: ЛЮДМИЛА ЛЮБОВИЦКАЯ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМНІҢ ӘДІСКЕРІ