Облыста мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдердің үлесі 64 пайызды құрайды, ал өңірдің сот жүйесінде бұл көрсеткіш 72 пайызға жетеді. Бұл мәліметтер Петропавлда өткен гендерлік теңдік пен көшбасшылық мәселелеріне арналған республикалық форум барысында жарияланды.

«Гендерлік теңдік – татулық пен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, талпыныс, трансформация» форумы қоғамның, мемлекеттің, экономиканың және мәдениеттің дамуына әйелдердің қосқан үлесін талқылауға арналған алаңға айналды. Жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закарья қатысып, сөз сөйледі.

СНХ: КҮНСҰЛУ ЗАКАРЬЯ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ


Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов форум барысында сөйлеген сөзінде гендерлік теңдіктің тек заманауи үрдіс емес, бүкіл әлем мойындаған өзекті қажеттілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік жасау – қоғамның дамуы мен өркендеуі үшін маңызды алғышарт. Бұл бағыттағы халықаралық тәжірибе мен статистика да мұның тиімділігін айғақтай түседі.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ – СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Форумға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының мүшелері, қоғам қайраткерлері, білім беру саласының өкілдері мен кәсіпкерлерден құралған 300-ден астам қатысушы жиналды.

СНХ: АЙЖАН КОЛЧИНА –ЖЕКЕ КӘСІПКЕР


Форум панельдік сессиямен жалғасын тапты. Онда цифрлық трансформациядағы әйелдердің рөлі, ұлттық құндылықтарды нығайту, тәрбие беру, медиасаясат пен денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.